Accessibility links

НАТО Украинаға биыл 70 миллиард еуроның әскери көмегін бермек

НАТО саммиті өткен Түркияның астанасы Анкара қаласы
НАТО саммиті өткен Түркияның астанасы Анкара қаласы

Анкарада аяқталған НАТО саммитінің қорытындысы бойынша, альянс елдері лидерлері Украинаға ұзақ мерзімді қолдау білдіріп, 2026 жылы қару-жарақ жеткізуге, әскери көмекке және украиналық жауынгерлерді даярлауға 70 миллиард еуро бөлуге уәде берді. Мұндай міндеттеме саммиттің қорытынды декларациясында бекітілген.

Құжатта Украинаның Еуроатлантикалық аймақтың қауіпсіздігіне үлес қосқаны, ал одақтастар оның азаттығын, егемендігін және аумағының тұтастығын "берік қолдайтыны" айтылған. Және де НАТО елдері 2027 жылы да Украинаға кемінде осындай көлемде көмек көрсетуге ниетті екенін растады.

Қорытынды декларацияда Киевке әскери көмектің негізгі бөлігі қазір Еуропа елдерді мен Канада қаржыландырып отырғаны айтылған. Бұған қоса әскери-саяси альянс Еуропа одағының Украинаны қолдау несиесі тетігі арқылы ол елге көпжылдық қаржылай қолдау көрсететіні туралы шешімін құптады.

Сонымен қатар, саммитке қатысушылар Ресейді Еуроатлантикалық қауіпсіздікке төнген ұзақ мерзімді қауіп ретінде атады. НАТО көшбасшылары альянстың қорғаныс қажеттігіне 50 млрд доллардан астам қаржы бөлуге келіскен. Ол қаржыны бірлескен қару-жарақ өндірісін кеңейтуге және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін, дрондарды және жасанды жасанды интеллектіні қоса алғанда, қазіргі заманғы әскери технологиялардың дамуын жеделдетуге жұмсауға келісті.

Айдар
XS
SM
MD
LG