Жойқын селден зардап шеккен Непалда 4 қыркүйекте құтқарушылар су басқан жерасты туннелінен екі адамды құтқарды. Олар бекітіліп қалған туннельде 9 күн болған. Олардың жанында болған тағы бір адам қаза болған. Құтқарушылар мәйітті сыртқа шығарды.
Жұма күні таңертең құтқарушылар жерасты туннелінен дыбыс естіген. Құтқарушылар соның көмегімен туннельде қалып қалған адамдардың жүрген анықтап, бұрғылаған. Осылайша зардап шеккендерге жеткен. Екеуі де Катмандудағы ауруханаға жеткізілген, біреуінің жағдайы өте ауыр.
Аман қалған біреуі құтқарушыларға туннельде тағы адамдар бар екенін айтқан. Жедел іздестіру тобы құтқару операциясын доғармау туралы шешім қабылдады.
Тасқыннан кейін құтқарушылар мен әскерилер гидроэлектр станцияның техникалық жабдықтары орналасқан 7 туннельге кіруге күш салып жатыр. Сел басқан кезде туннельдің жолы тас, лаймен бітеліп қалған. Болжам бойынша онда 150-ге дейін адам қалуы мүмкін. Өлі-тірісі белгісіз. Жедел қызмет туннельге ауа кіргізуге тырысып жатыр.
- Жойқын сел Непал мен Тибет шекарасында 26 тамызда болды. Кейінгі мәлімет бойынша, табиғи апат 1200-тен астам адамның өмірін қиды. Бес мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалған. Көп ғимарат қирап, елдің шекарасында лай көл пайда болды. Табиғи апаттың себебі анықталып жатыр. Ғалымдардың болжамынша, алып мұз еріп, өзенге құлап, соның күшімен өзен лықсып айналасына жайылған.