Украинаның қарулы күштері 9 қыркүйекке қараған түні Новроссийскіге дронмен жаппай шабуыл жасады. Порт аумағындағы мазут терминалына шабуыл жасалып, өрт шыққан.
Соққы азаматтық нысандарға да жасалған. Краснодар өлкесінің губернаторы Вениамин Кондратьевтің хабарлауынша, үш тұрғын үй мен бес көп қабатты тұрғын үй бүлінген, православ храмы мен балабақша ғимаратына да зиян келген. Көп қабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан.
Соққының салдарынан төрт адам қаза болған, біреуі - бала. 29 адам зардап шеккен, үшеуінің жағдайы ауыр.
Ресей қорғаныс министрлігі өткен түні 596 дрон атып түсірілгенін хабарлады. Дрондар Белгород, Брянск, Калуга, Курск, Орловск, Орынбор, Ростов, Самара, Тула, Ульяновск облыстары, Краснодар өлкесі, Қырым мен Қара теңіз аумағына соққы жасалған.
Новороссийскіде Қазақстан мұнайын халықаралық нарыққа шығаратын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) терминалы орналасқан. Жалпы Қазақстан мұнайының 80% КҚК арқылы тасымалданады.