Accessibility links

Нұрлан Кәрібаев "Батыс" өңірлік әскері қолбасшысы болып тағайындалды

Әскери парадта сап түзеп кетіп бара жатқан сарбаздар (көрнекі сурет)
Әскери парадта сап түзеп кетіп бара жатқан сарбаздар (көрнекі сурет)

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Нұрлан Кәрібаев қарулы күштердің "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

30 наурызда "Батыс" өңірлік әскері қолбасшысы Бауыржан Артықов президент өкімімен қызметінен босатылған. Ол бұл қызметке 2024 жылғы 5 ақпанда тағайындалған болатын.

2003 жылы бұрынғы Батыс әскери округінің негізінде құрылған "Батыс" өңірлік қолбасшылығы елдің батыс аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін әскери-әкімшілік бірлік саналады. Негізгі міндетіне Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына, аумағының тұтастығына, егемендігі мен экономикалық мүдделеріне қол сұғылмауын қамтамасыз ету жатады.






Айдар
XS
SM
MD
LG