Accessibility links

Одесса портына жасалған соққы салдарынан 8 адам қаза болды


Одесса портына жасалған соққының салдары. 19 желтоқсан 2025 жыл.
Одесса портына жасалған соққының салдары. 19 желтоқсан 2025 жыл.

Ресей әскері жұма, 19 желтоқсанда кешке Украинаның Одесса облысындағы порт инфрақұрылымына ракетамен соққы жасады деп хабарлады облыс басшысы Олег Кипер.

Кипердің сөзінше, Ресей әскері порт инфрақұрылымы нысанына баллистикалық ракетамен шабуылдаған. Соққының салдарынан тұрақтағы жүк көлігі де өртенген.

"Алдын ала мәлімет бойынша, өкінішке қарай 7 адам қаза болды" деді облыс жетекшісі. Кейін қаза болғандар 8-ге жеткені белгілі болды. 27 адам зардап шеккен.

Украинаның төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік қызметінің хабарлауынша, қаза болғандар мен жараланғандардың бір бөлігі жарылыс ошағындағы автобуста болған.

XS
SM
MD
LG