Одессаға зымыран түсті, Wildberries қоймаларына тағы шабуыл жасалды | Соғыс жаңалықтары
Украина Қара теңіздегі кемелер мен Wildberries қоймаларын нысанаға алды. Ресей Украина қалалары мен тылдағы нысандарды атқылауды үдетті. Ал Кремльдің саясатын насихаттайтын тележүргізуші Владимир Соловьев Украина шекарасына жақын тұратын жүздеген мың халықты Қиыр Шығысқа көшіруді ұсынды.