Accessibility links

Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің төбесінен құлап мерт болды

Батыс Қазақстан облысы орталығында 14 және 16 жасар екі жасөспірім көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан құлап мерт болған. Мұны жергілікті "Мой город" басылымы жазды.

Бейресми ақпарат бойынша, 6 қазанда кешкі мезгілде болған оқиға салдарынан 14 жасар қыз бен 16 жасар ұл бала көз жұмған.

Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, екі жасөспірім қалай және қандай жағдайда қаза болғанын анықтап жатыр.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG