Accessibility links

Ордабасыда бұрынғы үш полицей сотталды


Түркістан облысы Ордабасы аудандық соттың төрағасы Алтай Қалықұл үкім оқып тұр. 14 желтоқсан, 2020 жыл.
Түркістан облысы Ордабасы аудандық соттың төрағасы Алтай Қалықұл үкім оқып тұр. 14 желтоқсан, 2020 жыл.

14 желтоқсан күні Түркістан облысы Ордабасы аудандық соты "азаптау" және "өзін-өзі өлтіруге жеткізу" айыбымен күдікке ілінген Отырар аудандық полиция басқармасының бұрынғы үш қызметкерін соттады. Бұл туралы сот залынан Азаттық тілшісі хабарлады.

Сот айыпталушылар Жасұлан Сейітжаппаровты, Қанат Налмишовты, Сағадат Жандарбекті Қылмыстық кодекстің 146 ("Азаптау") және 105-баптары бойынша ("Өзін-өзі өлтіруге жеткізу") кінәлі деп тапты. Сейітжаппаровты майор шенінен айырып, 4 жыл, 6 айға, Налмишовты капитан шенінен айырып, 4 жылға, Жандарбекті аға сержант шешінен айырып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушылар сот залынан қамауға алынды.

Сотталушы Сейітжаппаров, Налмишов пен Жандарбек Азаттыққа сот үкімімен келіспейтінін, апелляциялық шағым түсіретінін айтты. Жәбірленушілер Азамат Жарасов пен Нүркен Салханов сот үкімімен келісетінін жеткізді.

10 желтоқсан күні өткен жарыссөзде айыпталушылар тағылған айыппен келіспейтінін, Отырар аудандық прокуратурасының қылмыстық істің қозғалуына мүдделі болғанын айтқан.

Іс материалдарына қарағанда, жәбірленушілер Жарасов пен Салханов биыл мамырда мал ұрлады деген күдікпен Отырар аудандық полиция басқармасына жеткізілген. Кейіннен үш полицей оларды азаптап, ар-намысына тиіп, тұншықтырып физиологиялық-психологиялық, моральдық қысым көрсетті деген күдікке ілінген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG