Accessibility links

Ормуз бұғазындағы дағдарыс ірі кеме компанияларын жүкті автокөлікпен тасымалдауға мәжбүр етті

Ормуз бұғазында тұрған кемелер
Ормуз бұғазында тұрған кемелер

Ормуз бұғазындағы дағдарыс салдарынан әлемдегі ірі кеме компаниялары отын мен жүк тасымалдауға автокөліктерді көбірек пайдалана бастады, деп жазды Financial Times (FT) басылымы.

Бұғаздың ішінара бұғатталуына байланысты теңізде жүк тасымалдау бағасы күрт өскен. Шанхай – Парсы шығанағы – Қызыл теңіз бағытымен стандартты контейнерді тасымалдау құны 15 мамырға дейін 980 доллар болса, қазір 4131 долларға дейін жеткен, яғни COVID-19 пандемиясы кезіндегі бағадан да асып кеткен.

FT деректері бойынша, мұнай тасымалдаушы ірі компаниялар Сауд Арабиясы, БАӘ және Ирак порттары арқылы жаңа құрлық жолдарын ашқан. Олар тасымалдау жұмысына Ирак, Иордания және Түркиядан жүк көліктерін көтеп тартып жатыр. Алайда автокөлікпен тасымалдау Ормуз бұғазы арқылы теңіз контейнерімен тасымалдауды тек ішінара алмастыра алады.

Дағдарыс кезінде Иран Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағы арқылы өтетін кемелер үшін Hormuz Safe сақтандыру платформасын іске қосқан. Қызмет сандық валютамен төлем жасауға болатын сақтандыру полистерін рәсімдеуді ұсынады.

• АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иранға әуе шабуылдарын бастаған, негізгі мақсаты – Тегеранның ядролық және зымыран әлеуетін жоюды көздейді. Иранның көптеген басшылары қаза тапты.

• Иран Парсы шығанағы елдеріне шабуыл жасап, әлемдік энергетикалық нарық үшін маңызы зор Ормуз бұғазын жауып тастады. Соның салдарынан әлемдік нарықта мұнай мен газ бағасы шарықтап кетті.

• Қазіргі уақытта бұл елдер арасында атысты тоқтату келісімі күшінде. The New York Times газеті АҚШ соғыс қимылдарын қайта бастауды және тіпті құрлықта операция жүргізуді қарастырып жатыр, бірақ әлі түпкілікті шешім қабылданған жоқ деп жазды.

Айдар
XS
SM
MD
LG