Accessibility links

Орталық Азия 2025 жылы әлемде туризм ең жылдам өскен өңір атанды

Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің (WTTC) зерттеуіне сәйкес, Орталық Азия аймағы экономикасына туризмнің қосқан үлесі бір жылда 17,7% өсіп, 20,1 млрд долларға жеткен. Бұл Орталық Азияның жиынтық жалпы ішкі өнімінің 4,3% шамалас.

WTTC дерегінше, 2025 жылы аймақта туризм саласында шамамен 1,7 млн адам жұмыс істеген. Туристік сапарлардың 84,5% демалыс мақсатында жасалса, 15,5% іскерлік сапар үлесіне тиеді.

Орталық Азияға саяхат жасайтын туристердің басым бөлігі өңірдің өз елдерінен келеді. Турист саны бойынша алғашқы үштік мынадай:

Қазақстан – 29%;

Өзбекстан – 22%;

Қырғызстан – 19%.

Сонымен бірге туристік индустрия кірісінің негізгі бөлігі шетелдік қонақтардан түскен. 2025 жылы шетелдік туристер Орталық Азия елдерінде 9,9 млрд доллар жұмсаған, ал ішкі туризмнен түскен кіріс 5,5 млрд доллар шамасында болған.

WTTC болжамынша, 2036 жылға қарай туризмнің Орталық Азия экономикасына қосатын үлесі 29,7 млрд долларға дейін өспек. Осы салада жұмыспен қамтылғандар саны да артып, 2,2 млн адамға жетуі мүмкін.

Айдар
XS
SM
MD
LG