Accessibility links

Орталық Азияның төрт мемлекеті Ресеймен "экстремистер" туралы мәлімет алмасуға келісті

Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның бас прокурорлары терроризм мен экстремизмге қарсы күрес саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжатқа 30 қыркүйекте Қазан қаласында ТМД елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің отырысында қол қойылды.

Келісім осы елдерде террористік немесе экстремистік деп танылған және биліктің айтуынша, қауіпсіздікке қатер төндіретін ұйымдар, топтар және жеке тұлғалар туралы "жедел ақпарат алмасуды" қарастырады. Бұған қоса, аталған елдер мұндай топтардың халықаралық байланысы, ықтимал террористік шабуыл және "мемлекеттердің егемендігіне қол сұғу" жөнінде ақпарат алмасуға келісті.

Прокуратура органдары шетел лаңкестері мен өз елдеріне оралғандар, сонымен бірге олардың отбасы мүшелері туралы ақпарат алмасады. Келісімде заңсыз қарулы топтар, адам саудасына қатысы бар тұлғалар, қару-жарақ және есірткі саудасымен айналысатындар, сонымен бірге заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылар туралы ақпарат алмасу жөнінде де жазылған. Жалған құжат туралы ақпаратпен де алмасып отырады.

"Экстремизм" ұғымы аталған елдерде тек қарулы топтар мен радикал топтарға емес, өзге де азаматтарға қатысты атап айтқанда, оппозициялық қозғалыстар, тәуелсіз медиа, саяси белсенділер мен билік сыншыларына қатысты да қолданылады.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG