Өртенген Ozon, «шаршаған» Лукашенко, АҚШ-қа көз тіккен украиндар
Ресей әскері Украинаның энергетикалық нысандарына әуеден соққы берді. Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл шабуылдарды халықаралық гуманитарлық құқыққа қайшы деп айыптап, тараптарды атысты ешқандай шартсыз тоқтатуға шақырды. Украина дрондарының соққысынан кейін Ресейдің Адыгейск қаласында Ozon маркетплейсінің қоймасы өртенді. Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескісі келмейтінін, оны Киевке де шақырмайтынын айтты.