Accessibility links

Өскеменде "Қазмырыш" зауытында болған жарылыс өртке ұласып, бірнеше адам ауруханаға түскен

Жарылыс болған "Қазмырыш" зауытында иісшіл итпен жүрген құтқарушы. Өскемен, 5 мамыр, 2026 жыл. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан фото
Жарылыс болған "Қазмырыш" зауытында иісшіл итпен жүрген құтқарушы. Өскемен, 5 мамыр, 2026 жыл. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан фото

5 мамыр күні таңертең Өскемен қаласындағы "Қазмырыш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты зауыт аумағында жарылыс болып, өртке ұласқан.

Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департаменті зауыттың шаң ұстау цехындағы құрылғыда болған жарылыстан өрт шығып, өндіріс орны ішінара опырылған деп хабарлады.

ТЖД дерегінше, зауыт аумағындағы өрт толық сөндірілген. Бастапқыда төтенше оқиғадан зардап шеккен 4 адам медицина мекемесіне жеткізілгені айтылған еді. Кейінірек олардың саны 9 адамға жеткенін және екеуінің халі ауыр екені, тағы бір адамға оқиға болған жерде реанимациялық көмек көрсетіліп жатқанын жазды "Қазақпарат".

Жарылыс болған кәсіпорында құтқарушылар, кинологтар іздеу жұмыстарын жүргізіп жатқаны, жедел медициналық көмек көрсететін бес бригада жұмылдырылғаны айтылды.

Төтенше оқиғаға байланысты, құрамына мемлекеттік органдар мен өзара әрекет ететін қызметтердің өкілдері кірген жедел штаб құрылған.

Айдар
XS
SM
MD
LG