Accessibility links

Өскемендегі әскери бөлім хабарсыз кеткен сарбазға іздеу жариялады

Өскемен қаласы
Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласындағы №27943 әскери бөлімде мерзімді әскери қызмет атқарып жүріп жоғалып кеткен 22 жастағы Айқын Ерланұлы Марханға іздеу жарияланды.

Ресми ақпарат бойынша, биыл 23 шілде күні №27943 әскери бөлімнің зымыран-артиллериялық қару-жарақ және оқ-дәрі сақталатын қоймасын күзетуге кезекке (наряд) шыққан Айқын Мархан таңертеңгі сағат 6:30 шамасында жоғалып кеткен.

Әскери бөлім басшылығы ол қызмет орнын тастап, өз бетімен кетіп қалған деп есептейді.

Әскери басшылық жауынгер Айқын Марханның қолында қару болмаған дейді.

Қазір оны әскери полиция ішкі істер органдарымен бірлесіп іздестіріп жатыр.


Айдар
XS
SM
MD
LG