Accessibility links

Өзбекстан футболшыларын Нью-Йорктегі матчқа жіті тексеріп барып кіргізген

Football, soccer ball generic photo
Football, soccer ball generic photo

Өзбекстанның ұлттық футбол құрамасы АҚШ-тағы Нью-Йорк қаласында Нидерланд командасымен жолдастық кездесу алдында күшейтілген қауіпсіздік тексеруінен өткен.

Бірнеше басылым әлеуметтік желілердегі жазбаларға сүйеніп, қауіпсіздік қызметкерлері иісшіл иттердің көмегімен өзбекстандық құрама ойыншылары мен делегация мүшелерін матч өтетін стадионға кіреберісте қосымша жіті тексерген деп хабарлады.

Өзбекстан мен Нидерланды футбол командаларының жолдастық кездесуі 8 маусымда Нью-Йорк қаласындағы Икан стадионында 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында өтті.

Бұл ойында Нидерланды командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Өзбекстанның футбол федерациясы мен матчты ұйымдастырушылар қауіпсіздік тексеруіне байланысты ешқандай ақпарат таратқан жоқ.

Айдар
XS
SM
MD
LG