Өзбекстан құрамасы Конго демократиялық республикасы командасынан 1:3 есебімен жеңіліп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады. Матч Атланта (АҚШ) қаласында өтті.
Өзбек футболшылары ойынның 10-минутында есеп ашты. Гол иесі – Елдор Шомуродов. Екінші таймда Африка құрамасы ойынның барысын өзгерте алды. 68-минутта Йоан Висса пенальти соғып, есепті теңестірді. 10 минуттан соң Фистон Майеле гол соқты. Қосымша уақытта Висса тағы бір гол соқты.
Параллель матчта Колумбия құрамасы мен Португалия тең ойнады.
Топтың кезеңнің нәтижесінде осы топта бірінші орынды Колумбия (7 ұпай), екінші орынды Португалия (5 ұпай), үшінші орынды Конго демократиялық республикасы (4 ұпай) алды. Үшеуі де плей-оффқа өтті. 1/16 кезеңінде Колумбия Гана, Португалия Хорватиямен, Конго Англиямен ойнайды.
Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады