Accessibility links

Өзбекстанның шөлейт аймағында әдеттен тыс нөсер жаңбырдан кейін жасанды көл пайда болды

Бұхара облысы Пешкун ауданы аумағында жасанды көл пайда болды. Өзбекстанның Экологиялық партиясы telegram-арнасында жариялаған сурет.
Бұхара облысы Пешкун ауданы аумағында жасанды көл пайда болды. Өзбекстанның Экологиялық партиясы telegram-арнасында жариялаған сурет.

Өзбекстанның Бұхара облысы Пешкун ауданындағы Газли ауылының солтүстігінде үлкен жасанды көл пайда болды.

Өзбекстанның Экологиялық партиясы telegram-арнасында хабарлағандай, кейінгі алты айда аймақта әдеттегіден үш есе көп жаңбыр жауған. Бұрын сусыз саналған Шұрбұлақ аймағында жаңа көлдің пайда болуының негізгі себебі осы деп жазды telegram-арна.

Жаңа көл шамамен 80 шаршы шақырым аумақты алып жатыр, яғни Бұхараның көлемінен және Шарбақ су қоймасы аумағынан да үлкен.

Әйткенмен, сарапшылар көлдің пайда болуына табиғи факторлар ғана себеп болмаған дейді. Олардың сөзінше, Су ресурстары министрлігінің аймақтағы балық шаруашылығын дамыту бағдарламалары аясында айналадағы аудандардан жер асты суларын жаңа су қоймасына бағыттау үшін арнайы каналдар қазылған. Су 126 ұзындығы шақырым коллекторлық канал арқылы ағады. Қарқынды нөсерге қосымша су ағыны қосылып, екеуі бірге бұл маңды суға тез толтырған.

2024 жылы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев ел астанасындағы ағын су жүйесінің жағдайын сынға алып, жаңбыр суын жинауға арналған дренаж жүйесі мен жасанды су қоймаларын құрудың бас жоспары мен бағдарламасын әзірлеуді тапсырған.

Содан кейін елде су тапшылығымен күресу үшін жаңбыр суын жинау және оны ұтымды пайдалану бойынша мемлекеттік бағдарламалар қолға алынған еді.

Айдар
XS
SM
MD
LG