Жайлау мен қыстау арасы. Памир тауындағы көшпелі қырғыздар қалай өмір сүреді?

Ауғанстанның биік тауында тұратын Памир қырғыздарының балалары. Баланың арқасына тұмар байланған. Халықтың наным-сенімі бойынша, бұл тұмар ауру-сырқаудан қорғайды.



Памирдің Курбон-айт ауылындағы киіз үйде ас ішіп отырған ақсақалдар.

Екі өркешті түйе керуені Памирдегі тау жолымен сайдағы Гоз-Хунда тұрған шағын базарға бет алып барады.

Суарылатын жердің шөбін жаз соңында қолмен шауып алады. Қыста жер бетін қалың мұз жапқанда мал сол шөпті азық етеді.

Памир қырғыздарының негізгі жейтін асы: нан, сүт қатқан шай, тұз, кейде ірімшік те болады. Кешкі асқа - ет пен күріш. Памир қырғыздары көкөніс пен жемісті аз жегендіктен, витаминнің аздығы байқалады. Бұл өңірде жеміс-жидек табу қиын.

Самаат Хан Қырғызстанға көшіп кеткен туыстарының малын қарап, Памирде қалып қойған.


Ауғанстанның солтүстік-шығысында көшпелі тұрмыс кешетін қырғыздардың киіз үйлері.


Бұл қыстаудағы балшықтан салынған тамдар қатты желге шыдас береді, ал тастан соғылған қора малды түнде келетін жыртқыштардан қорғайды.

