Accessibility links

Пашинян: армян өнімдері Еуроодақ нарығына салықсыз экспортталады

Никол Пашинян
Никол Пашинян

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян армян ауыл шаруашылық өнімдері Еуроодақ нарығына салықсыз экспортталады деп мәлімдеді.

"Яғни, еркін кедендік режим аясында" деді Никол Пашинян.

Оның сөзінше, ЕО елдері Армения үшін жаңа экспорттық бағытқа айналып барады.

Ол сонымен бірге Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен телефон әңгімеде Ереванға 50 млн еуро көлемінде жедел көмек бөлінетінін растағанын жеткізді.

Премьердің сөзінше, бұл қаражат Ресейге ауыл шаруашылық және өзге де өнімдерді экспорттау мәселесі туындаған шақта өнім өндірушілерді қолдауға жұмсалмақ.

Бұған дейін фон дер Ляйен Еуроодақ Армениямен бірге екенін және экономикалық қиындықтар тұсында Ереванды қолдауға дайын екенін мәлімдеген.

  • Мәскеу мен Ереван арасы кейінгі айларда айтарлықтай нашарлады. Ресей Пашинян үкіметін батысшыл бағыты үшін айыптады. Ал Армения Еуроодақпен қарым-қатынасын нығайтқан.
  • Ресей билігі Армения импорттайтын бірқатар тауарға, атап айтқанда, гүл, минералды су, көкөніс, жеміс, балық өнімдеріне шектеу қойды.
  • 6 маусымда шамамен 5.5 мың райхан гүлі Армениядан Латвияға экспортталды.
  • Бұған дейін Ресей, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан билігі Арменияда ЕАЭО мен ЕО арасында таңдау жасауға қатысты референдум өткізуді ұсынған. Пашинян елдің Еуроодаққа қосылуы туралы референдум ЕО-ға мүшелікке ресми түрде өтініш берілгеннен кейін өтуі мүмкін екенін айтқан.
Айдар
XS
SM
MD
LG