Accessibility links

Павлодар облысында кәріз құдығында алты адам қаза тапты

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

20 шілде күні Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жоламан ауылында кәріз құдығында алты кісі – 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған адамдар газ исінен уланып қайтыс болған. 1988 жылғы тағы біреуі Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілген, облыстық денсаулық сақтау басқармасы оның жағдайы тұрақты деп хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жеті ер адам электр су сорғыштың ақауын жөндеуге барған. Қайтыс болғандардың ең кішісі – 16 жаста.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов марқұмдардың отбасыларына көңіл айтып, оларға қолдау көрсетілетінін мәлімдеген.

"Қаза болған жандардың отбасыларына мемлекет тарапынан да және жұмыс беруші тарапынан да кешенді қолдау көрсетіледі. Оларға арнайы материалдық көмек беріледі, жыл соңына дейінгі жалақысы төленеді және несиелерін өтеуге жәрдем көрсетіледі. Сондай-ақ компания кәмелетке толмаған балаларының 18 жасқа дейінгі күтімі мен білім алуына байланысты барлық шығынды өз мойнына алады" деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі мемлекеттік еңбек инспекциясына, полицияға және прокуратураға оқиғаның мән-жайын анықтауды тапсырған.

Полиция көп адамның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғап, тергеу бастаған.

Айдар
XS
SM
MD
LG