Халықаралық ПЕН-клуб саяси қуғынға ұшырап, қысым көрген азаматтардың қатарына қазақстандық бірнеше журналист пен саясаткерді де қосты.
PEN – ағылшын тіліндегі «poet» («ақын»), «essayist» («эссеист»), «novelist» («романист») деген сөздерден құралған атау. Ұйым 1921 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр.
Халықаралық ПЕН-клуб жыл сайын 15 қарашада «Тұтқындағы жазушылар» күнін атап өтеді. Биыл клубтың «Тұтқындағы жазушылар» комитеті Қазақстанда бес адамның қуғынға ұшырағанын айтты.
ҚУАНЫШБЕК БОТАБЕКОВ
ПЕН-клуб атаған азаматтардың бірі – қазақстандық журналист, «Әділет» газетінің бас редакторы Қуанышбек Ботабеков.
Журналист «Әділет» газетінде жарияланған мақалаларында ағайынды Кеңес және Бақытбек Нақыпбековтердің «коррупциялық істері» жайлы жазған еді.
Ол кезде Кеңес пен Бақытбек Нақыпбековтер Оңтүстік Қазақстан облысында көлік және жер инспекцияларын басқарған. Шағымданушы жақ журналистті «өмір бойы жинаған абыроймызды төкті» деп айыптап, 10 миллион теңге моральдық шығын өтеуін талап етіп, сотқа берген. Қуанышбек Ботабеков сотта өз материалының барлығы дәлелмен жазылғанын айтты.
2011 жылы 19 қарашада Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты Қуанышбек Ботабековті бір жарым жылға шартты түрде соттап, үш жүз мың теңге айыппұл төлеуге үкім етті.
АЛПАМЫС БЕКТҰРҒАНОВ
«Тұтқындағы жазушылар» комитеті атаған алты адамның енді бірі – Батыс Қазақстандағы жазушы Алпамыс Бектұрғанов.
2009 жылы 15 шілдеде облыс әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған Бектұрғанов облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің жұмысын сынап, арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатынан кейін Ізмұхамбетов кеңесшісі Бектұрғановты жұмыстан шығарып, сотқа берді.
Сот шешімімен жазушы үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 2010 жылы 30 қыркүйекте «жақсы тәртібі үшін» мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.
КОЗЛОВ, САПАРҒАЛИ ЖӘНЕ МАМАЙ
ПЕН-клуб Жаңаөзен оқиғасына қатысты жауапқа тартылған Владимир Козлов, Серік Сапарғали, Жанболат Мамайды да «биліктен қысым көрген жазушылар» тізіміне қосқан.
Тіркелмеген «Алға» партиясының басшысы Владимир Козлов пен саясаткер Серік Сапарғали 2012 жылы қаңтардың 23-і күні тұтқындалған еді. Биыл қазан айында «Жаңаөзен оқиғасын ұйымдастыруға қатысты» деген айыппен Козлов жеті жарым жылға сотталды, Сапарғали төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Ал журналист Жанболат Мамай қаңтардың 23-і күні «әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталып, режиссер Болат Атабаевпен бірге түрмеге қамалған. Кейін олар «шын өкінуіне байланысты» босап шықты.