"Тиса" партиясының жетекшісі Петер Мадияр Венгрияның премьер-министрі ретінде ант берді.
Ол венгер халқы ел тарихының "жаңа тарауын бастау үшін" өзінің партиясына мандат бергенін атап өтті.
"Тек үкіметті емес, сонымен қатар жүйені де өзгерту үшін. Бәрін жаңадан бастау үшін" деді Мадияр.
Ол сонымен бірге Виктор Орбан премьер болып тұрған шақта Венгрия ЕО-да жемқорлық жайлаған елге айналғанын алға тартып, Орбан кезеңінде лауазым алғандарды, арасында президент те бар, отставкаға кетуге үндеді.
Мадияр ант бергеннен кейін оның жақтастары мерекелеуді парламент алаңында жалғастырды.
12 сәуірде өткен парламент сайлауында "Тиса" партиясы жеңіске жеткен. Сайлаудың ресми қорытындысы бойынша, "Тиса" партиясы парламенттегі 199 орынның 141-ін иеленді. Бұл бұл орталық-оңшыл, еуропалық партияға конституциялық басымдық береді. Премьер-министр қызметін 16 жыл атқарған Виктор Орбан оппозицияға кетуге мәжбүр болды.