Accessibility links

Өмірлік түрме жазасы және 20 жыл. Петропавлда 13 жасар қызды зорлау ісі бойынша ер мен әйелге сот үкімі шықты

Солтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот кәмелетке толмаған қызды зорлаған деген айып тағылған ер мен әйелді кінәлі деп тауып, ер адамды өмір бойына, ал әйелді 20 жылға түрмеге қамау туралы үкім шығарды. Мұны жергілікті Qazaqstan Media басылымы хабарлады.

БАҚ ақпаратында сотталған екеу Петропавл қаласындағы жұмысшылар кентінде некесіз жұп болып бірге тұрғаны айтылған. "Бірде олардың үйіне туысқан бозбала жігіт 13 жасар қыз ертіп қонаққа келген. Ер адам кәмелетке толмаған қызды зорлаған. Болған оқиғадан кейінірек хабардар болған қыздың ата-анасы дереу полицияға арыз берген" деп жазды басылым.

Сот қылмыстық істі жабық отырыста қарап, ер мен әйелдің аса ауыр қылмысқа қатысқаны толық дәлелденді деп ұйғарым шығарды. Түрме жазасынан бөлек, сот екеуінен жәбірленушіге моральдық өтемақы ретінде 6 млн теңге және сот сараптамасын жүргізуге жұмсалған шығынның орнын толтыруға 3,6 теңге өндіріп алуға үкім етті.

Үкім әлі күшіне енген жоқ.

Сот түрмеге кесілген екеудің кәмелетке толмаған екі баласын мемлекеттің тәрбиесіне алу туралы жеке қаулы қабылдаған.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG