Accessibility links

Тбилисиде полициямен қақтығыстан соң наразыларды сотқа тартпақ


Грузия парламенті алдында тұрған полиция жасағы. Тбилиси, 18 қараша 2019 жыл.

Грузия парламенті ғимаратының алдында өткен наразылық акциясы кезінде ұсталған соң "полиция талабына бағынбау" және "бұзақылық" айыптары тағылған 37 адамның ісі бүгін, 19 қарашада Тбилиси сотында қаралады. Бұл туралы олардың адвокаты Георги Ониани айтты деп хабарлады Азаттықтың Грузин қызметі.

Дүйсенбі кешке Грузия ішкі істер министрлігі парламентке кіреберіс жерді "жасанды тосқауылдардан" тазартқаны туралы хабарлаған. "Заң шығарушы орган кедергісіз жұмыс істей алады" деп мәлімдеген министрлік.

18 қарашада грузин полициясы пропорционалды сайлау жүйесіне көшу туралы заң жобасын қабылдаудан бас тартқан парламент шешіміне қарсылық білдіріп парламент үйі алдында төрт күнге жалғасқан наразылық шеруін өткізген демонстранттарды су шашып таратқан. Полицияның арнаулы жасағы "Грузия жасасын!" деп ұрандаған наразыларды парламенттің маңайынан тықсыруға кіріскен. Көшеде наразылар мен полиция күші арасындағы қақтығыс қас қарайған соң да жалғасқан.

Зардап шеккен алты адамның арасында екі полиция қызметкері бар деп хабарлады Грузия ішкі істер министрлігі.


ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Психолог: «Онлайн оқуға алдымен ата-ана дайын болсын»
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:56 0:00
XS
SM
MD
LG