Accessibility links

Путин Қазақстандағы АЭС құрылысы жөнінде: Ресей ақшаны жәй бермейді, кейін қазынаға қайтарылады

Ресей басшысы Владимир Путин, 29 мамыр, 2026 жыл.
Ресей басшысы Владимир Путин, 29 мамыр, 2026 жыл.

Астанаға сапарының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Ресей президент Владимир Путин Ресейдің Қазақстандағы АЭС құрылысын қаржыландыру мәселесіне тоқталды. Оның сөзінше, бұл қалыпты халықаралық тәжірибе. Оның сөзінен РБК үзінді келтіреді.

Путиннің сөзінше, өзге елдің аумағында атом электр станциясын салатын Ресей берген ақшасын кейін процентпен қайтарып алады.

"Бұл қалыпты халықаралық тәжірибе. Кейбір Еуропа елдерінде, сондай-ақ біздің елімізде де отандық экспортты, нақты жағдайда қызмет пен тауар экспортын қолдауға бағытталған тұтас несие желілері құрылды. Бұл біз үшін, әрине, маңызды. Менің айтқым келгені, біз де ол ақшаны жай беріп қоймаймыз – несиеге береміз. Ол кейін Ресей қазынасына қайтарылады. Мұндай жағдайға тән ретпен пайызбен береміз" деді Путин.

АЭС салу жобасы бойынша ынтымақтастықтың негізгі принциптері мен шарттары туралы келісімге 29 мамырда Астанада Владимир Путиннің Қазақстанға 27-29 мамыр аралығындағы мемлекеттік сапары барысында қол қойылды.

Бұған дейін Қазақстан Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда атом электр станциясын салуға шамамен 16,4 миллиард доллар жұмсалатынын айтқан. Оның айтуынша, ақшаның 85 пайызын – Ресей, қалған 15 пайызын Қазақстан үкіметі беретін схема қаастырылып жатыр.

Айдар
XS
SM
MD
LG