Accessibility links

Путин Украина әскері қатарында соғысып, тұтқынға түскен америкалықты босатқанын айтты

RUSSIA, ST PETERSBURG - OCTOBER 21, 2026: Russia's President Vladimir Putin (L), US Special Presidential Envoy Steve Witkoff
RUSSIA, ST PETERSBURG - OCTOBER 21, 2026: Russia's President Vladimir Putin (L), US Special Presidential Envoy Steve Witkoff

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткоффпен кездесу кезінде Украина әскері қатарында соғысып, тұтқынға түскен америкалық Стивен Хаббардты босатқанын хабарлады. Бұл жөнінде ТАСС жазды. Путиннің сөзінше, Хаббард Пулково әуежайында отыр.

Кездесу Санкт-Петербургтегі Константин сарайында өтті. Уиткофф Ресейге Ослодан ұшып келді, ол жақта Украина басшысы Владимир Зеленский және Еуропадағы серіктестермен келіссөз өткізген.

ТАСС-тың жазуынша, Путин Уиткоффтан сол кездесудің қорытындысын сұраған. Трамптың арнайы уәкілі Ослодағы келіссөз өнімді өткенін айтты. Уиткофф сонымен бірге Путин Ресей, Украина мен АҚШ арасындағы келіссөзді жалғастыру мүмкіндігін қарастыратындығына үміт білдірген. Ол Украинадағы соғысты реттеу жолы көрсетілген құжаттарды әкелгенін айтты.

Ресейдің мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Стив Уиткофф Дональд Трамптың атынан «дизель отынын жеткізу бойынша келісімі» үшін Владимир Путинге алғыс айтқан. Ресей президентінің сөзінше, бортында 40 мың тонна отын бар алғашқы танкер 2–3 күн ішінде жолға шығады.

Қазан айының басында екі ел басшылары Ресейдің дизелін АҚШ және әлемдік нарыққа жеткізу бойынша уағдаласқан. Көп ұзамай АҚШ қаржы министрлігі Ресейде өндірілген дизель отынымен операция жасауға рұқсат беретін лицензия шығарды. Бұған дейін мұндай операцияларға америкалық санкциямен тыйым салынған еді. Рұқсат 2027 жылдың 7 сәуіріне дейін күшінде болады.

Украина президенті Владимир Зеленский шешімді сынға алды. Оның айтуынша, шиеленісті бәсеңдету бойынша келісім болмай тұрып, санкция қысымын жеңілдету Ресейге соғысты жалғастыруына мүмкіндік береді.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG