Accessibility links

Путин Зеленскийдің хаты туралы: кездесудің мәні жоқ деп ойлаймын

Владимир Путин
Владимир Путин

Ресей президенті Владимир Путин Украина басшысы Владимир Зеленскийдің ашық хатына бір көз жүгіртіп шыққанын айтып, онымен кездесудің "мәні жоқ деп ойлаймын" деді. Ресей басшысы бұл жөнінде Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық сесссиясы кезінде айтты.

Путин Зеленский "сайлау өткізіп, негізгі заң аясында қимылдауы керек" деді.

"Егер билікте заңсыз отырсаң, бұл билікті тартып алу деп аталады. Бұл қылмыс" деді Путин.

Ол үш апта бұрын Киевке Украина жағының шақыруымен ресейлік кәсіпкер барғанын айтты. Ол Зеленскиймен кездескен. Бұдан соң Путинге Киевте кездесу туралы ұсыныс айтқан. Ресей президентінің сөзінше, ертесінде 22 мамырда Украина қарулы күштері Старобельскідегі колледжге соққы жасаған. Путин Украинаға барған кәсіпкердің атын атамады.

Бұған қоса, Путин Зеленскийдің оның жасын есіне салғанына қарсылық білдіріп, мұнда ең бастысы "іс-әрекетке қабілеттілік" екенін айтты.

Ал Украина президенті Путиннің жауабына тез реакция білдірді.

"Өкінішке қарай, Ресей жағы тағы соғысты таңдап жатыр – барлықтарыңыз бүгінгі жауапты естідіңіздер. Әлсіз жауап. Ол соғысты аяқтағысы келмейді. Әлемде көп адамның көңілі қалған шығар" деді Зеленский.

4 маусымда Зеленский соғысты тоқтатуды ұсынып, Путинге ашық хат жазған. Украина президенті бейтарап аумақта АҚШ пен Еуропа елдерінің қатысуымен бетпе-бет кездесу өткізуді ұсынған. Хатта ол соғыс үшін жауапкершілікті Путинге жүктеп, бұл оның саналы таңдауы болғанын айтты.

АҚШ президенті Дональд Трамп Путин мен Зеленскийдің ықтимал кездесуін қолдаған.

Айдар
XS
SM
MD
LG