Accessibility links

Қайрат Нұртастың концертіндегі қысылысу: полиция қылмыстық іс қозғады

Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың концерті кезінде жұрт қысылысып, 18 жастағы қыз зардап шекті. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін хабарлады. Туыстары Ulysmedia-ға сүрініп қалған қызды жұрт таптап кеткенін айтқан.

Полиция қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызмет көрсету фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғады.

“Адамдардың көп жиналуына байланысты келушілердің бірі зардап шекті. Қыз медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында. Іс-шараны ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр” деп жазылған полиция хабарламасында.

Олардың айтуынша, ұйымдастырушылардың әрекетіне “құқықтық баға беріліп”, “тергеу нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады”.

Концерт 10 қазанда Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда болған. Желіде қолданушылар концертте көп адам болғанын, кейбір адамдардың жүрегі қысылып, құлап қалғанын жазды.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG