Accessibility links

Қазақстан армиясы ауқымды оқу-жаттығу өткізеді

Қазақстан қарулы күштері жауынгерлері әскери оқу-жаттығу кезінде (көрнекі сурет)
Қазақстан қарулы күштері жауынгерлері әскери оқу-жаттығу кезінде (көрнекі сурет)

Қазақстанның қорғаныс министрлігі 29 маусым мен 2 шілде аралығында елдегі әскери бөлімдерде жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне көшу бойынша кешенді тактикалық жаттығу-сабақтар өтетінін хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, оқу-жаттығулар әскери қызметшілер мен бөлімшелердің жауынгерлік әзірлік режиміне жедел көшу кезіндегі практикалық машықтарын жетілдіруді көздейді. Іс-шаралар жоспарлы оқу бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, негізінен әскери бөлімдердің аумағы мен оқу полигондарында өтеді.

Оқу-жаттығулар барысында әскери техниканың қозғалысы күшейіп, кейбір бөлімшелер оқу полигондары мен оқу орталықтарына жоспарлы марш жасайды, осыған байланысты өңірлердегі автокөлік жолдарының жекелеген бөлігінде уақытша қозғалыс шектеуі енгізілуі мүмкін, деп хабарлады министрлік.

Қорғаныс министрлігі оқу-жаттығулардың жоспарлы сипатта өтетінін айтып, БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми ақпаратқа сүйенуге және расталмаған хабарды таратпауға шақырды.


Айдар
XS
SM
MD
LG