Accessibility links

Қазақстан бойынша "Транстелеком" байланыс желісінде ақау болды

8 қазанға қараған түннен бастап бүкіл Қазақстан бойынша "Транстелеком" байланыс операторы желісінде ақау болып жатыр. Мұны бейсенбі күні таңертең компанияның call-орталығы растады деп жазды ҚазТАГ агенттігі.

Байланыс операторының мәліметінше, түн ортасына таман интернет байланысы нашарлап кеткені немесе мүлдем істемей қалғаны байқалған. Бұл ақау елдің барлық өңіріндегі абоненттерге әсер еткен. Компания ақауға не себеп болғанын әзірше хабарлаған жоқ.

"Транстелеком" қазіргі уақытта техникалық мамандар байланысты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтқан.

Толықтыру: "Транстелеком" бейсенбі күні күндіз Қазақстандағы ауқымды ақаудан кейін интернет байланысы қалпына келгенін хабарлады

"Интернет байланысы толық қалпына келтірілді, қазір желі әдеттегі режимде жұмыс істеп тұр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз" делінген компания сайтында жарияланған ақпаратта. "Транстелеком" ауқымды ақаудың нақты себебін айтпады.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG