Accessibility links

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашудың қауіпсіздігі бағаланбақ

Boeing 787 Dreamliner жолаушы ұшағы (көрнекі сурет)
Boeing 787 Dreamliner жолаушы ұшағы (көрнекі сурет)

АҚШ-тың федералды авиация әкімшілігі (FAA) сарапшылары 21-25 қыркүйек аралығында Қазақстанда ұшу қауіпсіздігіне байланысты халықаралық бағалау (IASA) жүргізеді. Бұл аудит шарасы Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу жөніндегі жұмыстар аясында өткізіледі деп хабарлады Қазақстанның көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.

Комитеттің түсіндіруінше, Қазақстанның авиация билігінің Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) стандарттары мен ұсынылған іс-тәжірибелерге сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізілетін аудит ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау жүйесінің халықаралық талаптарға сәйкестігін анықтайтын болады.

IASA аудиті барысында FAA сарапшылары Қазақстанның авиация саласындағы заңнамасы мен нормативтік заң актілеріне, сонымен бірге ұшу қауіпсіздігін бақылайтын мемлекеттік жүйенің қабілеті мен мүмкіндігіне баға береді.

"Бағалау ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау жүйесіне қатысты жүргізіледі және Қазақстан Республикасының авиация билігінің ICAO-ның қолданыстағы стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкестігін анықтауға бағытталған" дейді Авиация комитеті.

FAA сарапшылары тобында халықаралық авиациялық құқық, авиация персоналын лицензиялау, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы және ұшуға пайдалану салалары бойынша мамандар бар деп хабарлады комитет. IASA бағалауы аяқталғаннан кейін FAA қорытынды брифинг өткізеді, одан кейін жазбаша есеп ұсынатын болады.

Бұдан екі жыл бұрын, 2024 жылдың 26-30 тамызы аралығында Қазақстанда IASA бойынша алдын ала техникалық шолу жүргізілген.

Айдар
XS
SM
MD
LG