Accessibility links

Қазақстан құрамасы Азия Пара ойындарында үш күнде 10 алтын ұтты

Қазақстан ұлттық құрамасы атынан Жапонияда өткен Пара ойындарында өнер көрсеткен спортшылар. Қазақстан туризм және спорт министрлігі таратқан сурет. 21 қазан 2026 жыл.
Қазақстан ұлттық құрамасы атынан Жапонияда өткен Пара ойындарында өнер көрсеткен спортшылар. Қазақстан туризм және спорт министрлігі таратқан сурет. 21 қазан 2026 жыл.

Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы жарыстың алғашқы үш күнінде 10 алтын медаль ұтты. Қазіргі уақытта ұлттық құраманың қоржынында 32 медаль бар: 10 алтын, 10 күміс және 12 қола.

“Ел қоржынына алтын жүлделерді пара нысана көздеуден Еркін Ғаббасов, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара дзюдодан Ибрагим Нұрмаханұлы, Бексұлтан Құлмырза, Ақтолқын Сейілбекова, Зарина Раифова, Шукурбеков Журқамырза, пара жүзуден Диас Кенжебек, пара велоспорттан Наиль Ермұханбет пен Анастасия Калаус салды” деп жазылған туризм және спорт министрлігінің хабарламасында.

2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия Пара ойындарында Қазақстан 41 медаль алған: 8 алтын, 12 күміс және 21 қола.

Биылғы Азия Пара ойындарында Қазақстан атынан 150 спортшы қатысып жатыр. Жарыс 24 қазанға дейін жалғасады.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG