Accessibility links

Қазақстан Ресейдегі ҰҚШҰ жаттығуына әскер мен техника жібермек

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қазақстанның қорғаныс министрлігі Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының (ҰҚШҰ) "Өзара іс-қимыл – 2026", "Іздеу – 2026" және "Эшелон – 2026" деп аталатын бірқатар жаттығуына қатысу үшін Ресейге жеке құрам мен әскери техника жөнелтілетінін хабарлады.

Әскер мен техника 21 қыркүйек - 5 қазан аралығында Қазақстан аумағынан Ресейдің Челябинск облысындағы Мисяш станциясына дейін және кері қарай теміржол көлігімен жылжиды деп жоспарланған. Жаттығулар 24 қыркүйектен 3 қазанға дейін өтпек.

Қорғаныс министрлігі дала жаттығулары барысында шеру дайындығы, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау пысықталатынын хабарлап отыр.

Министрлік жаттығулар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жауынгерлік даярлық бойынша бекітілген жоспарларына сәйкес жүргізілетінін және қатысушы елдер аумағында кезектесіп өткізілетінін айтады.

  • ҰҚШҰ – Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан енген әскери-саяси ұйым. Армения 2024 жылы, халықаралық құқық бойынша Бакудың юрисдикциясындағы және 1990 жылдардың басынан бері армяншыл күштердің бақылауында болған Қарабақ аймағы қайтадан Әзербайжанның бақылауына оралғаннан кейін көп ұзамай ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтатқан. ҰҚШҰ Қарабақтағы жағдайға араласудан бас тартқаннан кейін Ереван бұл ұйымнан еш пайда жоқ деп мәлімдеген.
Айдар
XS
SM
MD
LG