Ресейдің Новосибирск аймағымен шектесетін Қазақстанның Павлодар облысында көрші аймақтарда ірі қара мал ауруының тарауына байланысты малға екпе салына бастады. Бұл жөнінде вице-премьер Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
"Өткен аптада ғана ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы тиісті дәрі-дәрмекті шұғыл түрде сатып алу туралы қарар мақұлданды. [Облыстағы – ред.] барлық мал толықтай вакцинацияланады" деді ол.
16 наурызда Ресейдің Новосибирск облысында ірі қара мал арасында пастереллез және құтырма ауруының таралуына байланысты төтенше жағдай жарияланған еді. Аймақ билігі облыстың бес ауданында карантин енгізді. Бұған қоса, жұрттың малын тәркілеп, жоя бастаған. Кейінгі екі аптада жаңа ауырған мал тіркелген жоқ.
Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі 19 наурызда Ресейден термиялық өңдеуден өтпеген ірі мал мен ет өнімдері, жемді тасымалдауды шектеген. Биліктің хабарлауынша, эпизоотикалық жағдай тұрақты бақылауда.
13 наурызда Беларусь те Ресейден ірі қара мал мен ет өнімдерін тасымалдауды шектеген еді.