Accessibility links

Қазақстан спортшылары Азия ойындарында тағы күміс пен қола жүлде алды

Қазақстан спортшысы Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан сайыс кезінде. Қытай, 10 ақпан, 2025 жыл.
Қазақстан спортшысы Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан сайыс кезінде. Қытай, 10 ақпан, 2025 жыл.

Қытайда өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы аралас командалар арасындағы сайыста күміс медаль алды. Бұл туралы Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

Аяна Жолдас, Шерзод Хаширбаев пен Асылхан Асан 235,39 ұпай жинап, екінші орынға ие болды. Бірінші орынды Қытай, үшінші орынды Жапония спортшылары иеленді. Аяна Жолдас бұған дейін фристайл-акробатикадан жеке жарыста қола медаль алған.

Қазақстан спортшысы Олжас Климин ерлер арасында 10 шақырымдық еркін стильдегі шаңғы жарысында қола медаль алды. Ол 21 минут 20,3 секундта мәреге жеткен. Алтын мен күміс жүлдеге Жапония спортшылары (21 минут 6.5 секунд, 21 минут 16.5 секунд) ие болды.

9 ақпанда конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасындағы Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина командалық спринт жарысында қола медаль иеленді.

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы алтын медаль жеңіп алды. Бұл – 2025 жылғы қысқы Азия ойындарындағы Қазақстанның алғашқы алтын жүлдесі. Эстафета жарысына Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Насен қатысқан.

Құлаған спортшы, қауіпті секіру элементі. Фристайл акробатикадан сынға түскен қазақстандықтар

Қазақстандық 26 жастағы Ақмаржан Қалмұрзаева Пекин олимпиадасының іріктеуінде қиын элементтердің бірін орындап, құламай 98,68 ұпаймен финалға шықты. Пекин, 14 ақпан 2022 жыл. 
1/12 Қазақстандық 26 жастағы Ақмаржан Қалмұрзаева Пекин олимпиадасының іріктеуінде қиын элементтердің бірін орындап, құламай 98,68 ұпаймен финалға шықты. Пекин, 14 ақпан 2022 жыл. 
Құлаған спортшы, қауіпті секіру элементі. Фристайл акробатикадан сынға түскен қазақстандықтар
Қазақстандық акробатшылар осыған дейін жарыстарда 98,68 ұпай алмаған. Демек, Ақмаржанның ұпайы - Қазақстан рекорды. Пекин, 14 ақпан 2022 жыл. 
2/12 Қазақстандық акробатшылар осыған дейін жарыстарда 98,68 ұпай алмаған. Демек, Ақмаржанның ұпайы - Қазақстан рекорды. Пекин, 14 ақпан 2022 жыл. 
Құлаған спортшы, қауіпті секіру элементі. Фристайл акробатикадан сынға түскен қазақстандықтар
Шымкент қаласында туған Ақмаржан Қалмұрзаева финалға шыққан 12 спортшының қатарына енгеніне қуанып тұр. Пекин, 14 ақпан 2022 жыл. 
3/12 Шымкент қаласында туған Ақмаржан Қалмұрзаева финалға шыққан 12 спортшының қатарына енгеніне қуанып тұр. Пекин, 14 ақпан 2022 жыл. 
Құлаған спортшы, қауіпті секіру элементі. Фристайл акробатикадан сынға түскен қазақстандықтар
Ақмаржанның финалдағы секірген сәті. Пекин, 14 ақпан 2022 жыл. 
4/12 Ақмаржанның финалдағы секірген сәті. Пекин, 14 ақпан 2022 жыл. 
Құлаған спортшы, қауіпті секіру элементі. Фристайл акробатикадан сынға түскен қазақстандықтар
Бірақ финалда Ақмаржан трамплиннен секіріп, жерге қонған кезде құлап, төмен ұпай алып қалды. Оның олимпиададағы нәтижесі - 11-орын. Пекин, 14 ақпан 2022 жыл. 
5/12 Бірақ финалда Ақмаржан трамплиннен секіріп, жерге қонған кезде құлап, төмен ұпай алып қалды. Оның олимпиададағы нәтижесі - 11-орын. Пекин, 14 ақпан 2022 жыл. 
Құлаған спортшы, қауіпті секіру элементі. Фристайл акробатикадан сынға түскен қазақстандықтар
Тағы бір қазақстандық 26 жастағы Жанбота Алдабергенова іріктеу кезеңінде 80 ұпай алған. Бірақ бұл финалға шығуға жетпеді. Жанбота Пекин олимпиадасында 13-орынмен шектелді. Пекин, 14 ақпан 2022 жыл. 
6/12 Тағы бір қазақстандық 26 жастағы Жанбота Алдабергенова іріктеу кезеңінде 80 ұпай алған. Бірақ бұл финалға шығуға жетпеді. Жанбота Пекин олимпиадасында 13-орынмен шектелді. Пекин, 14 ақпан 2022 жыл. 
Құлаған спортшы, қауіпті секіру элементі. Фристайл акробатикадан сынға түскен қазақстандықтар
Жанбота Алдабергенова осымен үшінші олимпиадасына қатысты. 2014 жылы Сочи олимпиадасында финалға шығып, 6-орыннан көрінген еді. Пекин, 14 ақпан 2022 жыл. 
7/12 Жанбота Алдабергенова осымен үшінші олимпиадасына қатысты. 2014 жылы Сочи олимпиадасында финалға шығып, 6-орыннан көрінген еді. Пекин, 14 ақпан 2022 жыл. 
Құлаған спортшы, қауіпті секіру элементі. Фристайл акробатикадан сынға түскен қазақстандықтар
Ерлер арасындағы фристайл акробатика сынына қатысқан қазақстандық 18 жастағы Шерзод Қашырбаев іріктеу кезеңінде қажетті ұпайды жинай алмай, финалсыз қалды. Пекин, 15 ақпан 2022 жыл. 
8/12 Ерлер арасындағы фристайл акробатика сынына қатысқан қазақстандық 18 жастағы Шерзод Қашырбаев іріктеу кезеңінде қажетті ұпайды жинай алмай, финалсыз қалды. Пекин, 15 ақпан 2022 жыл. 
Құлаған спортшы, қауіпті секіру элементі. Фристайл акробатикадан сынға түскен қазақстандықтар
Шерзод іріктеу кезеңінде құлап, финалға шыққан 12 спортшының қатарына енбеді. Нәтижесі - 19 орын. Қазақстандық фристайл акробатшылар елде жаттығуға қажетті база, трамплин жоғын, негізгі жаттығуларын шетелде өткізетінін айтады. 
9/12 Шерзод іріктеу кезеңінде құлап, финалға шыққан 12 спортшының қатарына енбеді. Нәтижесі - 19 орын. Қазақстандық фристайл акробатшылар елде жаттығуға қажетті база, трамплин жоғын, негізгі жаттығуларын шетелде өткізетінін айтады. 
Құлаған спортшы, қауіпті секіру элементі. Фристайл акробатикадан сынға түскен қазақстандықтар
Әйелдер арасында фристайл акробатикадан алтынды қытайлық 31 жастағы Сюй Мэнтао иеленді. Мэнтао 108,61 ұпай жинады. Ол 2014 жылы Сочи олимпиадасында күміс медаль алған еді. 
10/12 Әйелдер арасында фристайл акробатикадан алтынды қытайлық 31 жастағы Сюй Мэнтао иеленді. Мэнтао 108,61 ұпай жинады. Ол 2014 жылы Сочи олимпиадасында күміс медаль алған еді. 
Құлаған спортшы, қауіпті секіру элементі. Фристайл акробатикадан сынға түскен қазақстандықтар
Күмісті беларусь спортшысы Анна Гуськова иеленді. Ол 2018 жылы Пхенчхан олимпиадасында чемпион атанған еді. 
11/12 Күмісті беларусь спортшысы Анна Гуськова иеленді. Ол 2018 жылы Пхенчхан олимпиадасында чемпион атанған еді. 
Құлаған спортшы, қауіпті секіру элементі. Фристайл акробатикадан сынға түскен қазақстандықтар
Қола медальды америкалық 25 жастағы Мэган Ник еншіледі. Ерлер арасындағы финал 17 ақпанда өтеді. 
12/12 Қола медальды америкалық 25 жастағы Мэган Ник еншіледі. Ерлер арасындағы финал 17 ақпанда өтеді. 
Құлаған спортшы, қауіпті секіру элементі. Фристайл акробатикадан сынға түскен қазақстандықтар
Previous slide
Next slide

Қысқы Азия ойындары биыл 7 ақпанда басталған. Жарыс Харбин және Ябули қалаларында өтіп жатыр. Олимпиада комитетінің мәліметінше, Қазақстаннан бұл жарысқа 137 спортшы барған. Олар барлығы 51 медаль жиынтығы сарапқа салынатын 10 жарыс түріне қатысады.

Жарыс 14 ақпанда аяқталады.

Айдар
XS
SM
MD
LG