Accessibility links

Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстан "Бахри Точик" су қоймасының жұмысы бойынша өзара келісті

"Бахри Точик" (Қайраққұм) су қоймасына шомылып жүрген адамдар. Тәжікстан, Соғды облысы, 17 маусым, 2024 жыл.
"Бахри Точик" (Қайраққұм) су қоймасына шомылып жүрген адамдар. Тәжікстан, Соғды облысы, 17 маусым, 2024 жыл.

Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанның су ресурстары министрлері 2026 жылғы маусымнан тамызға дейінгі кезеңге арналған "Бахри Точик" су қоймасының жұмыс режимі бойынша келісімге келіп, өңірдегі су жеткізілімін үйлестіруді қамтамасыз етті. Мұны 26 мамыр күні Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Тәжікстан Республикасының энергетика және су ресурстары министрі Жума Далер және Өзбекстан Республикасының су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев 2026 жылдың маусым-тамыз айларына арналған ""Бахри Точик" су қоймасының жұмыс режимін келісті", – делінген министрлік жариялаған ақпаратта.

Тараптар келіскен жұмыс режиміне сәйкес, жаз мезгілінде Түркістан облысының Мақтаарал мен Жетісай аудандары диқандарын сумен қамтамасыз ету үшін "Бахри Точик" су қоймасынан су жіберілетін болды.

"Оңтүстік өңірлерді суармалы сумен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда. Қол жеткізілген келісімдер – Орталық Азия елдері арасындағы сындарлы өзара іс-қимыл мен өзара қолдаудың нәтижесі. Қабылданған шаралар вегетация кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз етіп, отандық диқандарға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді", деп мәлімдеді Нұржігітов.

Кездесу қорытындысы бойынша, Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанның су шаруашылығы ведомстволарының басшылары өңірдегі су ресурстарын ұтымды және өзара тиімді пайдалану бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растады, делінген ресми ақпаратта.

Орталық Азияда бірнеше өзен мен су көздерін ортақ пайдаланатын аймақта жаз мезгілінде қуаңшылық болып, елдер су бөлісе алмай жатады. Қазақстан өзендердің төменгі жағында орналасқан. Сарапшылар тіршілік үшін аса маңызды су мәселесін аймақ елдері бірігіп шешуге келіскенімен іске келгенде өзіне тартатын кездері де аз емес дейді.

Су маманымен сұхбат (21 сәуір, 2026 жыл)

Орталық Азия елдері су дағдарысын жеңе ала ма? Су маманымен сұхбат
please wait

No media source currently available

0:00 0:22:35 0:00
Айдар
XS
SM
MD
LG