Accessibility links

Қазақстанда кезектен тыс мәслихат сайлауы 29 қарашада өтеді

Мәслихат депутаттарының форумында сөйлеп тұрған президент Қасым-Жомарт Тоқаев. 12 наурыз 2026 жыл.
Мәслихат депутаттарының форумында сөйлеп тұрған президент Қасым-Жомарт Тоқаев. 12 наурыз 2026 жыл.

Қазақстан орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын 29 қарашаға белгіледі. Мұндай шешімді орталық сайлау комиссиясы 13 қазанда қабылдады.

Дауыс беру кезінде 228 мәслихатта 3 447 депутатты сайлау жоспарланып отыр.

Оның алдында президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мәслихаттың жұмысын тоқтату туралы жарлыққа қол қойған. Сайлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру үкімет пен әкімдіктерге жүктелді.

Мәслихатты тарату қажеттігін Тоқаев 24 қыркүйекте айтқан. Ол мұны партия жүйесіндегі өзгерістермен байланыстырған. Қазіргі мәслихат депутаттарының басым бөлігі Amanat атынан сайланған, ал ол маусымда “Әділетке” қосылғандықтан олардың заңдылығына қатысты сұрақ туындайды деген еді.

Amanat ұзақ жылдар бойы елдегі басты билік партиясы болған.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG