Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерді есірткі мен психотроптық заттарға тексереді

2335290235
2335290235

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерді есірткі және психотроптық заттарды қолдану белгілеріне тексеру тәртібі бекітілді. Тиісті бұйрықты Денсаулық сақтау министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі әзірледі.

Құжатқа сәйкес, мемлекеттік органдардың кадр қызметтері қызметкерлердің мінез-құлқын бақылап отырады. Есірткі қолданудың ықтимал белгілеріне мінез-құлықтың күрт өзгеруі, жұмысқа жиі келмеу немесе кешігу, инъекция іздері, сөйлеу мен қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, мазасыздық пен галлюцинация жатады.

Егер кадр қызметі әртүрлі топтағы үш немесе одан да көп белгіні байқаса, бұл туралы мемлекеттік органның басшысына хабарлайды. Басшы бір жұмыс күні ішінде шешім қабылдауы керек. Одан кейін қызметкерге 48 сағат ішінде медициналық тексеруден өтуге жолдама беріледі. Тексеруден өтуге екі жұмыс күні беріледі және ол жұмыс уақытында жүргізіледі.

Егер есірткі немесе психотроптық заттарды қолданғаны расталса, ақпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен полицияға жіберіледі. Сондай-ақ қызметкерді тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады. Ал тексеруден бас тартқан немесе одан жалтарған қызметкердің бас тартуы тіркеліп, құжат жеке ісіне қосылады.

Бұйрық 29 қарашадан бастап күшіне енеді.

​
XS
SM
MD
LG