Қазақстанда студенттер жатақханасына полиция қызметкерлері бекітілді

Алматыдағы жатақханалардың бірі. Көрнекі сурет.
Алматыдағы жатақханалардың бірі. Көрнекі сурет.

Полицияның хабарлауынша, жыл басынан бері студенттер арасында 566 құқықбұзушылық тіркелген. Ведомство күш көрсету мен бопсалауға тап болған студенттерді немесе оның куәгерлерін дереу полицияға хабарлауға шақырды.

“Оқу жылының басынан бері 566 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде 23 ұсақ бұзақылық, тыйым салынған орындарда темекі шегудің 211 дерегі және көші-қон заңнамасын бұзудың 234 дерегі анықталды. Студенттік жатақханаларға полиция қызметкерлері бекітілген. Қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, кіру-шығу тәртібі қамтамасыз етілуде” деп жазылған ведомство хабарламасында.

Мұндай ақпарат елдегі кейбір оқу орнындағы студенттердің қазасынан кейін шығып отыр. Кейінгі бірнеше аптада Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде екі студенттің қаза болғаны белгілі болған еді. Полиция адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

Алматылық журналист Михаил Козачков университет жатақханасындағы жас жігіттің өліміне күдікті ретінде екінші курс студенті ұсталғанын хабарлап, адам қазасына әлімжеттік оқиғасы себеп болуы мүмкін деп жазды.

​
XS
SM
MD
LG