Accessibility links

Қазақстандық журналист Юрий Мизинов дүниеден өтті

Қазақстандық журналист Юрий Мизинов
Қазақстандық журналист Юрий Мизинов

Қазақстандық белгілі журналист Юрий Мизинов 76 жасында қайтыс болды. Бұл туралы бейсенбі күні қазақстандық басылымдар хабарлады.

1950 жылы Орал қаласында дүниеге келген Юрий Мизинов 1971 жылы Қарағанды политехника институтын инженер-экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Юрий Мизинов Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін мемлекеттік емес баспасөздің дамуына өзіндік үлес қосты. Ол Қарағандыдағы "Сары Арқа" телекомпаниясының президенті, "Зебра", "Колесо", "Грач", "451 по Фаренгейту" газеттерін басқарды.

Ол 2000 жылдың басында интернеттің қазақстандық кеңістігінде жаңадан пайда болған "Навигатор" газетінің бас редакторы болды. Елдегі алғашқы қоғамдық-саяси онлайн-басылымдардың бірі қысқа уақыт ішінде жұртқа танымал ақпарат ресурсына айналды. Кейін атауын ZonaKZ етіп өзгерткен интернет-газет ширек ғасырдан соң жұмысын тоқтатты.

2020 жылы Қазақстанның Журналистер одағы Юрий Мизиновты елдегі азаматтық қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін арнайы медальмен марапаттаған.

Айдар
XS
SM
MD
LG