"Қазақтың елі бар да, тілі жоқ". Азаматтар мемлекеттік тілде қызмет ала ала ма?
Қазақстанда қазақ тіліне қатысты тағы бір дау ушықты. Алматыдағы Густо мейрамханасының қызметкерінің тұтынушыға «СССР-де тудым, қазақ тілінде сөйлеуге міндетті емеспін!» деген видеосы тарап, көпшіліктің ашуын туғызған. Дау қалай басталып, қалай өрбіді? Қазір не боп жатыр? Алдағы сюжетте айтылады.