Accessibility links

Қонаевта көп қабатты тұрғын үйде газ жарылды

Қонаев қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған газ жарылысы. Алматы облысы, 28 қаңтар 2026 жыл.
Қонаев қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған газ жарылысы. Алматы облысы, 28 қаңтар 2026 жыл.

28 қаңтарда кешке Алматы облысының әкімшілік орталығы Қонаев қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, пәтердің бөлме арасындағы қабырғалары бүлінген. Бұл жөнінде жергілікті төтенше жағдай департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиғадан екі адам зардап шекті. Олар аудандық ауруханаға жеткізілген. Департамент өкілдерінің айтуынша, өрт болмаған.

"Аталған тұрғын үй орталық газбен жабдықталған, алайда жарылыс болған пәтерде тұрмыстық газ баллоны пайдаланылған. Алматы облысының ТЖД екі қабаттан жоғары көппәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық газ баллондарын пайдалануға тыйым салынатынын еске салады" деп жазылған облыстық ТЖД хабарламасында.

Қазақстанда осыған ұқсас оқиғалар жиі кездеседі. Былтыр Алматы облысы Қарабұлақ ауылында үшқабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылып, екі адам зардап шеккен. Оның алдында қазан айында Түркістан облысында үйлердің бірінде газ жарылған.

XS
SM
MD
LG