Accessibility links

Қорғаныс министрлігі Алматы мен Жетісу өңірлерінде әскер дайындығын тексермек

Қазақстан қарулы күштері сарбаздары жаттығу кезінде (көрнекі сурет)
Қазақстан қарулы күштері сарбаздары жаттығу кезінде (көрнекі сурет)

Қазақстанның қорғаныс министрлігі Жетісу және Алматы облыстарында әскери бөлімдер дайындығын тексермек. Мұндай 16 ақпанда ақпаратты министрліктің баспасөз қызметі telegram арнасында жариялады.

"16-18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техниканың қозғалысына байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін", – делінген хабарда.

Бұл әскери басқару органдары мен әскери бөлімдерін жоспарлы тексеру екенін айтқан министрлік жұртшылық пен БАҚ өкілдерін "жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге" шақырған.

Бұл шара кезінде қандай әскери бөлімдер мен әскери техника түрлерінің дайындығы тексерілетіні және олар нақты қай жерге баратыны айтылмаған.

XS
SM
MD
LG