Accessibility links

Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылды

Татьяна Савельева ОСК басшысы Нұрлан Әбдіровтен депутат куәлігін алып тұр. Астана, 28 наурыз 2023 жыл.
Татьяна Савельева ОСК басшысы Нұрлан Әбдіровтен депутат куәлігін алып тұр. Астана, 28 наурыз 2023 жыл.

7 қазанда Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылды. Оның кету себебі белгісіз.

Сәрсенбі күні дауыс беруден кейін Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай Савельеваға жұмысы үшін “алғыс айтып”, “жаңа жауапты орында” сәттілік тіледі. Нақты қай орын екені айтылмады.

Exclusive-тің жазуынша, 30 қыркүйекте Савельева ұлттық экономика және ұлттық банк төрағасына депутаттық сауалында “мемлекетті қолдауға ие банктер бизнесті несиелендіруге асықпайды” деген еді. 5 күн бұрын әлеуметтік желіде 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасындағы әлеуметтік бөлігінің шығыны қарала басталғанын хабарлап, қоғамдық қабылдау арқылы азаматтарды қабылдау жүріп жатқанын жазған.

Ол Құрылтайға “Әділет” атынан сайланды. Қаржы және бюджет комитетіне мүше болды. 8-шақырылымдағы мәжіліске Amanat атынан депутат болды. Бұрын қаржы вице-министрі болған.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG