Бүгін бір палаталы құрылтай сайлауы алдындағы тыныштық күні.
“Бұл күні және дауыс беру күнінде сайлау алдындағы үгітке тыйым салынған. Бұған дейін орналастырылған үгіт материалдары, соның ішінде интернеттегі материалдар, бұрынғы орындарында қала береді. Алайда оларды интернет-ресурстардың басты беттерінде қайта орналастыруға болмайды” деп жазылған орталық сайлау комиссиясының хабарламасында.
Сайлауалды үгіт-насихат науқаны 21 тамыз сағат 23:59-да аяқталған еді.
145 депутаттан құралатын Құрылтайдың сайлауына елде ресми тіркелген жеті партия "Ақ жол", "Ауыл", "Әділет", "Байтақ", ЖСДП, "Республика", "Қазақстан халық партиясы" қатысады. Ал сайлауға дейін елдегі оппозициялық топтар партия болып тіркеле алмады. Әділет министрлігі "Алға, Қазақстан", "Атажұрт", "Намыс", "Ел тірегі" сынды ұйымдардың құжаттары "талапқа сай емес" деп тіркемеді.
Сайлауды бақылап жүрген тәуелсіз ұйымдар да биылғы науқанды бақыламайтындарын мәлімдеген. Бірнеше белсенді қамауға алынғаны хабарланды
Кейбір сарапшы бұл саяси науқан шынайы бәсекесіз жағдайда өткізіледі деп сынап, оған билікті сынап, балама пікір айтатын топтардың партия құра алмайтынын айтады. Билік сайлауға түсетін тараптарға тең құқық жасалған дейді.
Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) тамыздағы парламент сайлауы алдында Қазақстанда журналистер "бұрын сонды болмаған" қысымға тап болып, қылмыстық қудалауға ұшырап, журналистикамен айналысу құқығынан айырылып жатқанын мәлімдеді. CPJ "бұл репрессияға халықаралық бақылау керек" дейді.