Қырғызстан парламентінің депутаттары АЕ/АР президентімен кездесті

Қырғызстан парламентінің депутаттары және АЕ/АР басшылары. Бішкек, 20 қараша 2026 жыл.
Қырғызстан парламентінің депутаттары және АЕ/АР басшылары. Бішкек, 20 қараша 2026 жыл.

20 қарашада Қырғызстан Жогорку кеңешінің депутаттары – Болот Ибрагимов, Элвира Сурабалдиева, Мирлан Жиеншороев, Нилуфар Әлімжанова және Дастан Бекешев «Азат Еуропа/Азаттық радиосы» медиакорпорациясының президенті Лиза Кертиспен кездесті.

Кездесуге медиакорпорацияның Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Толкун Умаралиев, Қырғыз редакциясының міндетін атқарушы директоры Гүлайым Ашакеева және Бішкектегі бюро жетекшісі Бақыт Асанов та қатысты.

Депутат Элвира Сурабалдиева «Азаттық» Қырғызстанда және әлемде болып жатқан оқиғалар туралы қоғамға сапалы, жан-жақты әрі объективті ақпарат таратуға елеулі үлес қосып келе жатқанын айтты.

Ал Нилуфар Әлімжанова жас әрі талантты журналистерді қолдауға бағытталған жобаларды жүзеге асыруды ұсынды. Дастан Бекешев «Азаттықты» сенімді ақпарат көзі ғана емес, кәсіби журналистерді даярлайтын мектеп деп атап өтті. Оның айтуынша, басылымның бұрынғы қызметкерлері бүгінде Қырғызстанның түрлі мемлекеттік органдарында жұмыс істейді.

Лиза Кертис медиакорпорацияның қызметі, миссиясы мен алдағы жоспарлары туралы айтып, 2025 жылы болған дағдарыстан кейін радионың жұмысы толық тұрақталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ АҚШ Конгресі медиакорпорацияны қолдап отырғанын да жеткізді.

Бұған дейін, 19 қарашада Қырғызстанның мемлекеттік хатшысы Арслан Қойшиев Лиза Кертисті қабылдаған. Ол Кертисті жоғары қызметке тағайындалуымен құттықтап, «Азаттықтың» елдегі журналистиканың қалыптасуындағы тарихи рөлін және қоғамдық-саяси өмірге қосқан үлесін атап өтті.

Кездесуде Қырғызстанның ақпараттық кеңістігін дамыту, «Азаттық» радиосының қызметі және алдағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

​
XS
SM
MD
LG