Қырғызстанда Мақсат Асаналиев ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров қол қойды.
Ол бұған дейін ҰҚМК төрағасы міндетін атқарған, 2 қыркүйекте Жогорку кеңеш оны арнайы қызметтің басшысы етіп тағайындауды мақұлдады.
Қамшыбек Ташиев ақпан айында ҰҚМК төрағасы қызметінен босатылғаннан кейін оның міндетін уақытша Жұмғалбек Шабданбеков атқарған. Бірақ маусымның соңында Жапаров оны қызметінен алды. Президент кеңсесі оның “басқа қызметке кеткендігін” айтты, бірақ нақты қандай қызмет екенін нақтыламады.
Шілдеде Қырғызстан соты ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) бұрынғы басшысы Қамшыбек Ташиевті "билікті басып алу" бабы бойынша кінәлі танып, төрт жыл түрме жазасын беріп, пробациямен бостандықта қалдырған еді.
48 жастағы Мақсат Асаналиев Ыстықкөл облысында туған. 2000-жылдары Жүсіп Баласағұн атындагы Қырғыз ұлттық университетінің заң факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2001 жылы ҰҚМК-да тергеуші болудан бастаған. 2018-2019 жылдары Бішкектегі бірінші май ауданының прокуроры, кейін Ош облысының прокуроры қызметін атқарды.