7100 метрдегі қайғылы оқиға
Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі былтыр Жеңіс шыңында қаза тапқан ресейлік альпинист Наталья Наговицынаның мәйітін іздеу жұмыстарын қайта бастауы мүмкін екенін мәлімдеді. Былтыр жазда ол шыңнан түсу кезінде жарақат алып, 7100 метр биіктікте қалып қойған еді. Ауа райының қолайсыздығынан құтқарушылар оған 10 күннен аса уақыт бойы жете алмады. Кейін ТЖМ альпинист қаза тапты деп ұйғарып, операцияны тоқтатқан.