Қытайдың Шаньси провинциясында көмір шахтасында жарылыс болды. Кейінгі мәлімет бойынша, 90 адам қаза болған. Бұл жөнінде Қытайдың орталық телеарнасы хабарлады.
Газ жарылысы жұма, 23 мамыр кешке болған. Ол кезде жер астында 247 адам болған. "Синьхуа" ақпарат агенттігінің жазуынша, үйінді астында 9 адам қалған. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Қытай басшысы Си Цзиньпин зардап шеккендерге көмектесу мен аман қалғандарды алып шығуға бар күшті жұмылдыруға шақырды.