Accessibility links

Қызыл теңізде кемеге жасалған шабуылдан алты адам қаза тапты

Қызыл теңізде жүк әкетіп бара жатқан коммерциялық кеме (көрнекі сурет)
Қызыл теңізде жүк әкетіп бара жатқан коммерциялық кеме (көрнекі сурет)

11 тамызда Баб-әл-Мандеб бұғазында египеттік кемеге жасалған шабуыл салдарынан кемінде алты теңізші қаза тауып, шамамен 10 адам жараланған. Әуелгіде шабуылдан төрт адам өлді деген хабар тараған еді.

Йеменнің халықаралық қауымдастық мойындаған билігі шабуылды елдің батысын, соның ішінде Қызыл теңіз жағалауының бір бөлігін бақылауда ұстап отырған "Ансар Алла" деп аталатын ираншыл хуситтер тобы жасады деп мәлімдеді.

Бұған дейін хуситтер Йемендегі нысандарға Сауд Арабиясы күштері жасаған шабуылдарға қарымта ретінде Сауд Арабиясымен байланысы бар кемелерді нысанаға алатынын мәлімдеген. Кейінгі апталарда бірнеше кемеге шабуылдар жасалғанымен, 11 тамыздағы шабуылға дейін кісі өлімі болмаған еді. Қаза тапқандар арасында Пәкістан мен Индонезия азаматтары бар.

Хуситтер әзірге бұл шабуылға жауапкершілікті мойнына алған жоқ.

Кемелердің кейбір Баб-әл-Мандеб бұғазынан автоматты сәйкестендіру жүйесін (AIS) өшіріп тастап өтіп жатыр. Ал бірқатар компания қауіпсіздік мақсатында Африканы айналып, Үміт мүйісі арқылы өтетін теңіз жолын таңдауға мәжбүр. Бұл теңіз тасымалының уақытын ұзартып, жүк жеткізу шығынын арттырады.

Айдар
XS
SM
MD
LG